«Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 шілдедегі № 639 Қаулысы

«Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 шілдедегі № 639 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2026 жылғы 18 шілдедегі

№ 639 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 17 наурыздағы

№ 234 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.

1) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.